ПОИСК

АВТОКӨЛІК ИЕЛЕРІ ҮШІН

1. МОТОР МАЙЫ MITSUBISHI MOTORS GENUINE OIL SAE 0W30 API SN*** ILSAC-GF-5****

Жоғары сапалы энергия үнемдеуші синтетикалық мотор майының тозуға қарсы қасиеттері жоғары

API SN*** ILSAC GF-5**** сапа санаттарына толық сәйкес.

Бастапқы аз тұтқырлығы арқасында келесі артықшылықтарды қаптамасыз етеді:

  • қозғалтқыштың ПӘК-нің артуы отын үнемдеу - тұтқырлығы жоғары дәстүрлі мотор майларына қарағанда, тұтқырлығы аз Mitsubishi Motors майы қозғалтқыштың майды май жүйесіне айдау үшін жұмсалатын көп энергиясын (сәйкесінше – отынды) алып қоймайды.
  • тамаша «салқын оталыс» - заманауи синтетикалық негізгі компоненттер мен тиімділігі жоғары қоспалар пайдаланылғандықтан, тұтқырлығы аз май төмен температуралардағы жақсы ағу қасиеттерін сақтап қалады, соның арқасында ең суық қыстың өзінде қозғалтқышты оталдыру кезінде еш қиындық туындамайды.
  • Қозғалтқыштың тамаша қорғанысы – тұтқырлығы аз май ІЖҚ-ның май жүйесімен тез айналып, қозғалтқыштың күрделі жерде орналасқан бөліктерінде тиімді майлап, тазартып өтіп, артық жылуды барлық жерінен алып шығады. Қазіргі қоспалардың бірегей топтамалары барлық үйкелетін беттерде берік май үлдірін түзе отырып, үйкелетін беттерді тамаша қорғайды.
  • Mitsubishi автокөліктерінің келесі модельдеріндегі бензин қозғалтқыштарында пайдалануға ұсынылады: Pajero IV, Pajero Sport, ASX, Outlander, Lancer, Colt және Grandis.
Оригинальное моторное масло Mitsubishi

2. МОТОР МАЙЫ MITSUBISHI GENUINE OIL SAE 0W20 API SN*** ILSAC GF-5****

Жоғары сапалы энергия үнемдейтін синтетикалық мотор майы

API SN*** ILSAC GF-5**** сапа санаттарына толық сәйкес.

Mitsubishi автокөліктерінің келесі модельдеріндегі бензин қозғалтқыштарында пайдалануға ұсынылады: Pajero IV, Pajero Sport, ASX, Outlander, Lancer, Colt және Grandis.

Оригинальное моторное масло Mitsubishi

3. МОТОР МАЙЫ MITSUBISHI GENUINE OIL SAE 5W30 API SN/CF*** ILSAC GF-5****

Жоғары сапалы энергия үнемдейтін мотор майы.

API SN/CF*** ILSAC GF-4**** сапа санаттарына толық сәйкес.

Mitsubishi автокөліктерінің бензин және дизель қозғалтқыштарында пайдалану үшін ұсынылады.

Оригинальное моторное масло Mitsubishi

4. АВТОМАТТЫҚ БЕРІЛІС ҚОРАПТАРЫНА АРНАЛҒАН СҰЙЫҚТЫҚ MITSUBISHI MOTORS ATF SP III*****

Автоматтық беріліс қорабы орнатылған Mitsubishi автокөліктерінде сәйкес Mitsubishi автокөлігінің Пайдалану нұсқаулығында берілген талаптарға қатаң сәйкестікпен пайдалану үшін ұсынылады.

Заманауи автоматтық трансмиссияларға арналған толық синтетикалық сұйықтық.

  • керемет коррозиялық, тотығушылық және термиялық төзімділік;
  • көбік түзілуіне қарсы беріктік;
  • керемет қажалуға қарсы қасиет;
  • керемет тұтқырлық-температуралық қасиеттер және ығысуға тамаша төзімділік;
  • керемет айдалу көрсеткіштері және төмен температуралардағы жақсы ағу қабілеті әртүрлі температура диапазондарында берілістердің бірқалыпты қосылуын қамтамасыз етеді;
  • эластомерлердің (тығыздағыштардың) кез келген түрімен толық үйлесімді
  • жоғары үйкеліске төзімді көрсеткіштері;
  • жылуды жақсы өткізу көрсеткіштері;
  • басқа трансмиссиялық сұйықтықтармен салыстырғанда, айналдыру моментіне жоғары көтеру қабілеті Mitsubishi автокөліктерінің керемет пайдалану көрсеткіштерін қамтамасыз етеді.
Оригинальное моторное масло Mitsubishi

* - Көрсетілген Mitsubishi Motors (Митсубиши Моторс) мотор майларының және арнайы сұйықтықтарының түрлерін сатып алу, құны және бар болуы жөніндегі толық ақпаратты – ресми Mitsubishi дилерлік орталықтарынан, сондай-ақ: +7 (495) 785-05-25, 8-800-200-05-25 телефондарына хабарласып алуға болады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: MITSUBISHI ТҮПНҰСҚА МАЙЛАРЫ МЕН АРНАЙЫ СҰЙЫҚТЫҚТАРЫНЫҢ КЕЗ КЕЛГЕН ТҮРІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУ МҮМКІНДІГІ НАҚТЫ MITSUBISHI АВТОКӨЛІГІНІҢ ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫНА СӘЙКЕС АНЫҚТАЛАДЫ.

** - Митсубиши Моторс түпнұсқа майы.

*** - API SN/CF жіктелімі - Америкалық мұнай институты (API – American Petroleum Institute) әзірлеген стандарттарға сәйкес сапа деңгейі бойынша жіктелім жалпыға бірдей қабылданған және мотор майларын өндірушілер арасындағы ең беделдісі. Белгілі бір сапа деңгейін тағайындау үшін мәлімделген мотор майы қатаң талаптарға сәйкестігінен басқа, бірқатар ұзақ сынақтардан сәтті өтуі тиіс.

SN - бензин қозғалтқыштарына арналған сапа деңгейі 2010 жылдың қазан айында енгізілген және ең жоғарғы деңгейлердің бірі.

CF - дизельдік қозғалтқыштарға арналған май сапасының деңгейі.

**** - ILSAC GF-5 – Майлау материалдарын стандарттау және мақұлдау бойынша халықаралық комитеттің (International Lubricants Standardization Approval Committee) стандарттарына сай сапа деңгейінің жіктелімі мотор майының сапа деңгейін сипаттайды, сондай-ақ май тұтқырлығы аз энергия үнемдейтін мотор майларының қатарына жататынын көрсетеді.

GF-5 сапа деңгейі – бүгінгі таңдағы ең жоғарғы деңгейлердің бірі.

***** - ATF SP III - Automatic TranSNission Fluid, автоматтық беріліс қораптарына арналған сұйықтық